Жарылғыш құрылғыларды заңсыз сату арнасының жолын кесу туралы

Жарылғыш құрылғыларды заңсыз сату арнасының жолын кесу туралы

ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті.

 

2019 жылғы 28 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық топтың үш қатысушысы «А», «Р» және «М» сегіз «РГД-5» граната жүйесін және оларға тоғыз тұтандырғышты өткізбекші болған кезінде ұсталды.

 

ҰҚКД сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі