Шекарашылар жабайы үйректерді басып өткен балықшыларды жауапкершілікке тартты

Шекарашылар жабайы үйректерді  басып өткен балықшыларды жауапкершілікке тартты

ҰҚК ШҚ Маңғыстау облысы бойынша департаменті Каспий теңізінде жабайы үйректерді басып өткен екі балықшыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Тәртіп бұзушыларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 512-бабы 1-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) және ішкі суларының режимдерін бұзғаны үшін айыппұл салынды.

Барлықтарыңызды табиғатты және қоршаған ортаны сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға шақырамыз.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған балықшылардың моторлы қайықпен жабайы үйректерді басып өткен видеосы көпшіліктің наразылығын тудырған еді. 

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі