«Ынтымақтастық» бірлескен шекара операциясының нәтижелері туралы

«Ынтымақтастық» бірлескен шекара операциясының нәтижелері туралы
  • 2020 жылғы 20 қазан және 30 қараша кезеңінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Ынтымақтастық» бірлескен шекара операциясын өткізуге қатысты.

  • Операция Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының шешіміне сәйкес өткізіліп, шекара кеңістігіндегі құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесуге бағытталды.

 

  • ҰҚК Шекара қызметінің іс-қимылымен Қазақстан Республикасының шекарасын күзету саласында 254 құқық бұзу фактісінің жолы кесілді, заңсыз айналымнан шамамен 2 кг есірткі құралы, 17 бірлік атыс қаруы, 126 оқ-дәрі, 3 діни-экстремистік мазмұндағы әдебиет басылымы алынды.

 

  • Бұдан басқа, жалпы сомасы 11 млн. теңгеге 7 экономикалық контрабанда әрекетіне жол берілмеді.

 

  • Әр ұстау фактісі бойынша қажетті қылмыстық-процессуалдық шаралар қабылданды.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі