Медициналық құралдарды, дәрі-дәрмектерді және айдап әкетілген автомобильді шекара арқылы заңсыз алып өту әрекеттерінің жолы кесілді

Медициналық құралдарды, дәрі-дәрмектерді және айдап әкетілген автомобильді шекара арқылы заңсыз алып өту әрекеттерінің жолы кесілді

2020 жылғы 23 қарашада ҚР ҰҚК ШҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Сырым" автомобиль өткізу пунктінде жалпы сомасы 1 550 000 теңгеге 3 100 дана медициналық қорғаныш костюмдерін шығарудың жолын кесті.

2020 жылғы 24 қарашада Қостанай облысында "Қайрақ" автомобиль өткізу пунктінде РФ "АВТО-ТЕК" ЖШҚ автокөлік құралы ұсталды, онда жалпы сомасы 7 750 000 теңгеге 600 дана обаға қарсы костюмдер пошта жүктерінің астында жасырылды.

28 қарашада Батыс қазақстан облысы аумағындағы "Сырым" өткізу пунктінде Ресей Федерациясының аумағында айдап әкетіліп жатқан "DATSUN ON-DO" маркалы автокөлік анықталды.

Автомобиль ҚР азаматының басқаруымен және РФ-дан ҚР-ға қарай бағытта келе жатқан "ГАЗель" маркалы эвакуатор шанағында тасымалданды.

29 қарашада Қостанай облысы аумағындағы "Аят" өткізу пунктінде "Алматы-Челябі" бағыты бойынша жүрген "ГАЗель" маркалы автокөлікті тексеру барысында әртүрлі атаудағы дәрі – дәрмектері бар қораптар (91 атау), қорғаныш маскалар – 2640 дана және жалпы салмағы 1000 кг-ға жуық медициналық қолғаптар-1700 дана табылды.

Заңсыз жүк жабдықтар салынған жәшіктердің артына тығылды. Ұсталған тауарлардың бағалау құны шамамен 45 000 000 теңгені құрайды.

30 қарашада "Сырым" өткізу пунктінде (Батыс Қазақстан облысы) 12 000 000 теңге сомасына 800 дана пульсоксиметрлер табылып, ұсталды. ҚР азаматы жүкті елден шығаруға тырысты.

Ұсталған жүктер мен көлік құралдары уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне берілді.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі