Ақтөбе облысында браконьерлер ұсталды

Ақтөбе облысында браконьерлер ұсталды

2020 жылдың 27 қарашасында ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің жасағы "Жамбыл" шекара бөлімшесінің учаскесінде елікті заңсыз атумен айналысқан бір топ адамды ұстады.


Анықтау бойынша 24 қараша күні ҚР азаматы Т. өзінің достары ҚР азаматтары, Ақтөбе қаласының тұрғындарын аң аулауға шақырды. Аталған адамдар тобы 3 автокөлікпен 6 дана елікті атқан.

Көлікті тексеру кезінде елік ұшасы мен 8 қару табылды.


Ұсталғандар іс жүргізу шараларын қабылдау үшін Әйтеке би аудандық полиция бөлімшесіне тапсырылды. Қазақстанда 18-20 мың елік бар, оларды аулау тек лицензия бойынша жүргізіледі. Аналықтар әдетте 9 айда өте әдемі, терісінде дақтары бар екі текшені өмірге әкеледі . Олардың өмір сүру ұзақтығы 12 жылға дейін ғана.

 

Өтінеміз, табиғатты қорғайық!


ҚР ҰҚК баспасөз қызметі