Бақылау өткізу пункттерінде анықталған заңсыздық фактілері туралы апталық мәлімет

Бақылау өткізу пункттерінде анықталған заңсыздық фактілері туралы апталық мәлімет
  • Пандемияға қарамастан, мемлекеттік шекара арқылы заңсыз әрекет тоқтамауды. Карантиндік шектеулер жағдайында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту үшін қолданылатын амалдардың жаңа түрлері пайда болды.

 

  • Мәселен, өткен аптада «Қарасу» (Жамбыл облысы – 1 факт), «Тәжен» (Маңғыстау облысы - 1 факт), «Жайсаң» (Ақтөбе облысы – 1 факт), «Қарақоға» (СҚО – 1 факт), «Қайрақ» (Қостанай облысы – 2 факт), «Урлютөбе» (Павлодар облысы – 2 факт) автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің көптеген әрекеттерінің жолы кесілді.

 

  • Жүргізушілер жалған жүргізуші куәліктерін қолдана отырып, халықаралық жүк тасымалының шекарадан өтуіне негіз болатын екінші жүргізушісі ретінде шекараны заңсыз кесіп өтуге тырысқан.

 

  • Барлық көрсетілген жағдайларда «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» Қазақстан Республикасы ҚК-нің 385-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша тексеру материалдары көлік құралдарымен бірге уәкілетті органдарға берілді.

 

  • Бұдан басқа, бір күннің ішінде - ағымдағы жылғы 18 қарашада «Қарасу» (Жамбыл облысы), «Жайсаң» (Ақтөбе облысы), «Жаңа жол» және «Қарақоға» (СҚО) өткізу пункттерінде жалған құжаттар мен сәйкестендіру нөмірлері бар автомобильдерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 4 әрекетінің жолы кесілді.

 

  • Жалпы, карантиндік шектеулер кезеңінде, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту әрекеттері кезінде жалған жүргізуші куәліктерін пайдаланған 113 адам (Қазақстан - 51, Қырғызстан - 30, Өзбекстан - 20, Тәжікстан - 7, РФ - 5), 35 адам - жалған медициналық анықтамалар, сондай-ақ қазақстандық медициналық мекемелерден жалған шақырулары бар 42 шетелдік анықталды.

 

  • Қазақстандық шекарашылар шекара арқылы заңсыз өту арналарын жабу және контрабандалық жүктерді өткізу бойынша белсенді іс-шараларды жалғастыруда.

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі