Каспий теңізінің акваториясында браконьерлік әрекеттердің алдын алу нәтижелері туралы

Каспий теңізінің акваториясында браконьерлік әрекеттердің алдын алу нәтижелері туралы
  • Қазақстан Республикасының Шекара қызметі Каспий теңізінің биологиялық түрлерінің сақталуына бағытталған шараларды әрі қарай іске асыруда.

 

  • 2020 жылғы қазан және қараша айларында Каспий теңізінің акваториясында браконьерлік әрекеттердің жолын кесу және акваториялық ресурстарын күзету бойынша  РФ ФҚҚ ШҚ бірлескен жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында шекаралық кеңістікте 111 бұзушы, оның ішінде 20 шекаралық режимді, 89 аймақтық және ішкі сулардың және балық аулау ережелерін бұзған 2 бұзушыны құрықтады.

 

  • 2,66 млн.теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

  • 5 жүзбелі құрал, 9 қозғалтқыш, 281  астам шақырым браконьерлік ұстау құралдары, 71 басқа аулау құралдары олардың ішінде: 1573 дана (7,8 мың.кг) бекіре тұқымдас балықтары, 4 719 (4,6 мың. кг) дана әр түрлі тұқымдас балықтар, сонымен қатар 41 итбалық тәркіленді.

 

  • Каспий теңізінде Шекара қызметінің іс-қимыл қорытындысы бойынша   әр түрлі биологиялық ресурстардың 2 млрд теңгеден астам шығынының алды алынды.  

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі