Жеке қорғану құралдарын заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді

Жеке қорғану құралдарын заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді
  • 2020 жылғы 8 қарашада шекарашылар "Қайрақ" автомобиль өткізу пунктінде (Қостанай облысы) жалпы сомасы 5 500 000 теңгеге тыныс алу органдарын қорғауға арналған сүзгіш маскалардың 9 600 жиынтығын Қазақстаннан Ресей Федерациясына заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.

 

  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының 2020 жылғы 20 ақпандағы №56 "Жеке қорғаныш құралдарын әкетуге рұқсат беруге тыйым салу туралы" бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағынан жеке қорғаныш медициналық құралдарын әкетуге тыйым салынған.

 

  • ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері тыйым салынған тауарларды заңсыз әкетуге жол бермеу мақсатында өткізу пункттерінде бақылауды күшейтуге бағытталған.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі