«Қарасора-2020» жедел-профилактикалық іс-шараcының нәтижелері туралы

«Қарасора-2020» жедел-профилактикалық іс-шараcының нәтижелері туралы
  • ҰҚК Шекара қызметі 2020 жылғы 1 маусым мен 31 қазан кезеңінде заңсыз есірткі құралдарының айналымына қарсы іс-қимылға бағытталған «Қарасора-2020» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде шекаралық кеңістікте 68 адамның, оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан азаматтарының қылмыстық әрекетінің жолын кесті.
  • Мемлекеттік шекара арқылы есірткі құралдарының контрабандасы арналарын және тасымалдау бағдарларын анықтау бойынша жедел шаралар қабылданды.
  • Заңсыз айналымнан 77 кг астам есірткі құралы алынды, шекаралас елді мекендерде каннабис өсімдігін өсіру бойынша 3 «қосалқы шаруашылық» анықталып, жойылды. Жерлігікті басқару органдарының және аумақтық ішкі істер органдарының өкілдерін қатыстырумен 15 гектар жабайы өскен сора жойылды.
  • Әр ұстау фактісі бойынша қажетті қылмыстық-процессуалдық шаралар қабылданды.
  • Шекара қызметі күнделікті міндеттерін орындау кезінде есірткінің заңсыз айналымымына қарсы күресті қарқынды түрде жалғастыруда.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі