Шекарашылар жеке қорғаныш құралдарын әкетуге жол бермеді.

Шекарашылар жеке қорғаныш құралдарын әкетуге жол бермеді.
  • 2020 жылғы 25 қазанда шекарашылар "Қайрақ" (Қостанай облысы) автомобиль өткізу пунктінде Қазақстаннан 8 527 125 теңге сомасына бір рет қолданылатын обаға қарсы костюмдердің 54 710 жиынтығын әкетуге жол бермеді.
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының 2020 жылғы 20 ақпандағы №56  "Жеке қорғаныш құралдарын әкетуге рұқсат беруге тыйым салу туралы" бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағынан жеке қорғаныш медициналық құралдарын әкетуге тыйым салынған.
  • Осы өткізу пунктінде Қазақстан Республикасына әкелуге (әкетуге) тыйым салынған тауарларға жататын тауарларды тасымалдау әрекетін жасаудың бірінші фактісі емес екенін атап өткен жөн.
  • ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері тыйым салынған тауарларды заңсыз әкетуге жол бермеу мақсатында өткізу пункттерінде бақылауды күшейтуге бағытталған.