
2020 жылғы 18 қазанда Шекара академиясының курсанттары қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерйтойына орай «Алматы қарағай орманы» қоғамдық эко-паркінің аумағында 175 түп қарағай ағашын отырғызу бойынша акцияға қатысты.
Іс-шараны Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Eco Fund Tabigat» жеке қоры ұйымдастырды.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі