
2020 жылғы 14-15 қазан кезеңінде Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті («Тасқала» өткізу пункті) есірткі құралдары мен темекі бұйымдарын заңсыз алып өту әрекетінің жолын кесті.
Атап айтқанда, шекара наряды арнайы қызметтік итті пайдалана отырып, Ресей Федерациясының азаматтарын анықтады, олардан толық тексеру кезінде салмағы 7,5 грамм сұр-жасыл түсті есірткі құралы (болжам бойынша марихуана) мен салмағы 2 тоннаға жуық темекі бұйымы табылды.
Процессуалдық шешім қабылдау үшін есірткі құралымен ұсталған адам аудандық полиция бөліміне, ал темекі бұйымдары бар жүк Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне тапсырылды.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі