Заңсыз әкетудің жолын кесу туралы медициналық жабдықтар

Заңсыз әкетудің жолын кесу туралы медициналық жабдықтар

2020 жылғы 13 қазанда Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті («Тасқала» өткізу пункті) тиісті құжаттарсыз медициналық жабдықтарды алып өту әрекетінің жолын кесті. Шекара наряды ҚР-дан РФ-ға бара жатқан жүк автомашинасын толық тексеру кезінде жүктің арасынан 2120 дана термометр тапты, ұсталған жүктің алдын ала құны 53 млн. теңгені құрайды.

Ұсталған жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін БҚО МКД қызметкерлеріне тапсырылды.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі