2025 жылғы қазандағы ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелері туралы

2025 жылғы қазандағы ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелері туралы

Қазан айында Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша сараланатын 83 құқық бұзушылықты тіркеді:

- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) – 12;

 - 190-бап (алаяқтық) – 16;

- 195-бап (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру) – 1;

- 206-бап (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) – 1;

- 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 2;

- 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) – 3;

- 364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) – 1;

- 366-бап (пара алу) – 26;

- 367-бап (пара беру) – 11;

- 368-бап (парақорлыққа делдал болу) – 4;

- 380-бап (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) – 1;

- 394-бап (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) – 2;

- 414-бап (көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау) – 1;

- 433-бап (қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру) – 2.

 

 Сотқа келесі 54 қылмыстық іс жіберілді:

- 147-бап (жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және ҚР-ның дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) – 1;

- 189-бап (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) – 1;

- 190-бап (алаяқтық) – 17;

- 366-бап (пара алу) – 19;

- 367-бап (пара беру) – 11;

- 368-бап (парақорлыққа делдал болу) – 5.

 

 Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

  

ҰҚК баспасөз қызметі