Өткен тәулік натижелері

Өткен тәулік натижелері

Қорғаста шекарашылар халықаралық іздеуде жүрген ресейлік азаматты ұстап, Панфилов аудандық полиция бөліміне тапсырды.

Ақтөбелік шекарашылар Жайсаңда Ресейге қарай 400 000 теңгенің темекілері мен 800 000 теңгенің дәрі-дәрмегін ешқандай рұқсат қағаздарынсыз шығармақ болған 41 жастағы ресейлік ұсталды.

Бейнеу шекара отрядының «Тәжен авто» бөлімшесінде Қазақстаннан Өзбекстанға қарай 400 000 теңгенің құрылыс материалдарын заңсыз өткізбек болған 1966 жылы туған Украина азаматы ұсталды.

Мырзакент шекара отрядына қарасты «Жетісай» көліктік бақылау бөлімшесінде Өзбекстанға қарай 25 дана 16 гигабайттық, 75 дана 32 гигабайттық микрофлешкалар, 68 дана «СМ-Т 51S» автокөліктік айна камераларын, 46 дана «J-100», 11 дана «Intego» автомобиль радар-детекторларын заңсыз алып өтпек болған 3 өзбекстан азаматы ұсталды.

Меркелік шекарашылар «Айша бибі авто» бөлімшесінде Қырғыз Республикасына қарай кетіп бара жатқан 1988 жылғы қазақстандықтың «Ауди-80» автокөлігінен аңшы мылтығының оқ-дәрілерін тапты.

Атырау шекара отрядының «Құрмангазы авто» бөлімшесінде «Камаз» автокөлігімен Ресейге қарай 58 бас ойсыл қара түлігін әкетіп бара жатқан 1982 жылғы ресейлік ұсталды. Шекарашылар оның әкетіп бара жатқан мүйізді ірі қараларына берілген ветеринарлық сертификатының жалған құжат екендігін анықтап, Құрманғазы аудандық малдәрігерлік бақылау комитетіне тапсырды.

Орал шекара отрядының «Тасқала авто» бөлімшесінде 10 ерке, 10 ұрғашы, жиыны 20 канарейка торғайларын фитосанитарлық сертфикатсыз Ресейге алып шықпақ болған 29 жастағы Ресей азаматын ұстады.