
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2018-2019 жылдары Алматы қ. МКД лауазымды адамдарының резонансты қылмыстық істер бойынша ірі мөлшерде қорқытып пара алу фактілерін анықтап, жолын кесті.
2018 жылы коммерциялық құрылымдардың бірінің басшысы ҚР азаматы «А»-дан 15 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталған Алматы қ. МКД қызметкерлері И. НҰРҒАСЫМОВ пен К. ҚОЖАБЕКОВ сотталды.
2018 жылдың соңында Алматы қ. МКД тағы бір офицері өз әріптестеріне қатысты шығарылған үкімге қарамастан, жәбірленуші «А»-дан тағы да пара талап етті. Сонымен, Алматы қ. МКД аса маңызды істер бойынша аға тергеуші Б. ЕСЕМБАЕВ қылмыстық жауаптылыққа тартумен қорқытып, бірнеше мәрте кездесуде «А»-дан 13,5 мың АҚШ долларын қорқытып алмақшы болған.
Б. Есембаев заңсыз ақшалай сыйақы алу кезінде ұсталды және тергеу барысында толықтай дәлелденді.
Кінәсін мойындағанын және жасағанына өкінетінін ескере отырып, пара алушы Б.Есембаев Алматы қ. Алмалы ауданының сотымен 2 жыл 7 айға бас бостандығынан айырылды.
ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі