
2020 жылғы 17 қыркүйекте қазақстандық шекарашылар «Кеген» автомобиль өткізу пунктінде (Алматы облысы) қызметтік итті пайдалана отырып, шекара арқылы Қырғыз Республикасына 16-шы калибрлі тегіс ұңғылы қаруға арналған саны 139 дана аңшы патронын және 32 гильзаны алып өтуге жол бермеді.
Тасымалдау мән-жайын анықтау үшін ұсталған
оқ-дәрілер ішкі істер органдарына тапсырылды.
Шекарашылар контрабандалық жүкті анықтау мақсатында толық тексеру іс-шараларын күшейтті.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі