Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Меню

Страницы

Статья

Шекарадан ҚР азаматтарының өтуі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу тек белгіленген өткізу пункттерінде ғана жүзеге асырылады.

Мемлекеттік шекарадан тексеріп өткізу

Мемлекеттік шекарадан өту барысында адамдарға, көлік құралдарына, тауарлар мен жүктерге шекаралық, кедендік және Қазақстан Республикасы заңнмаларымен белгіленген өзге де (көліктік, санитарлық-карантиндік, ветеринарлық, фитосанитарлық) бақылау түрлері қолданылады.

Өткізу пункттеріндегі шекаралық бақылауды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады, және бұл Қазақстан Республикасының жалпы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрам бөлігі болып табылады.

Өткізу пункттерінде мемлекеттік тексерудің төмендегідей түрлері кезегімен жүзеге асырылады:

1) Қазақстан Республикасына кірерде:

шекаралық;санитарлық-карантиндік;

ветеринарлық, фитосанитарлық;

көліктік;

кедендік.

2) Қазақстан Республикасынан шығарда:

санитарлық-карантиндік;

ветеринарлық, фитосанитарлық;

көліктік;

кедендік;

шекаралық.

Бақылау операцияларының жүзеге асырылу кезегі өткізу пункттерінде нақты қалыптасқан жағдайларға байланысты, мемлекеттік бақылау органдарының келісілген шешімімен өзгертілуі мүмкін. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай ушыққан кезде, ел аумағына жұқпалы және паразиттік аурулардың еніп кетуіне тосқауыл қою мақсатында санитарлық-карантиндік бақылау өзге бақылау түрлерінің алдына шығады.

Шекаралық бақылау төменде көрсетілгендей түрлерде жүзеге асырылады:

Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтықтары жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасына (-н) кіру (шығу) құқықтарының негізділігін анықтау мақсатында Мемлекеттік шекарадан өту құқын беретін құжатттарын тексеру;

Көлік құралдары мен жүктерді тексеру;

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Мемлекеттік шекараның режимін қамтамасыз ету бойынша әскери, режимдік, оперативтік және әкімшілік іс-қимылдарын жүргізу. 

 

САПАРҒА ДАЙЫНДЫҚ

Шет елге шыққан кезде, ең алдымен, жол құжаттарыңыздың дұрыстығын тексеріп алу керек. Әсіресе, паспорттағы тегіңіздің, атыңыздың, әкеңіздің атының (латын тіліндегі транслитерациясы да), туған күніңіз бен туған жеріңіздің, балаларыңыз туралы мәліметтердің, паспортыңыздың аяқталу мерзімінің (паспорттың мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек) дұрыс жазылғанына көз жеткізіңіз. Егер өзіңізбен бірге 16 жасқа толмаған балаларыңыз бара жатса, онда әке-шешесінің біреуінің паспортына балаларды жазып, суреттерін жабыстыру керек немесе оларға жеке паспорт алуға болады. 

Жолға аттанар алдында туыстарыңыз бен достарыңызға өзіңіздің сапарыңыз бен баратын жеріңіз туралы айтып, байланыс телефондарыңызды тастап кетіңіз. 

Баратын елдегі Қазақстан Республикасының елшілігі немесе консулдық мекемесінің телефондарын жазып алыңыз. 

Қазақстан Республикасынан үш мың АҚШ долларынан артық шет ел валютасын алып бара жатсаңыз, оны мағұлымдамада (декларация) жазып көрсету қажет. Қазақстан Республикасының азаматтары басқа елге қолындағы шет ел валютасын алған жерді растайтын құжатсыз он мың АҚШ доллары көлемінде ғана шет ел валютасын алып өте алады. Бұл сомадан артық валюта алып бара жатқан жағдайда, оларды растайтын мынадай құжаттарды көрсету қажет: айырбастау пунктінің шет ел валютасын сатып алғандығы жөнінде анықтама-куәліктер, банктік есеп-шоттан ақшаны шет ел валютасымен алғандығы туралы құжаттар, шет ел валютасын аударма арқылы алғандығы туралы банктік құжаттар, Қазақстан Республикасына алып кірген шет ел валютасы туралы кедендік декларация. Бірақ басқа елге барған кезде мағұлымдамада көрсетпеуге болатын ақша көлемін сұрап алыңыз.

Баратын елдерде өзіңізге қажетті дәрі-дәрмектердің бар-жоғын алдын ала біліп алыңыз. Кейбір кездерде Қазақстанда оңай сатып алуға болатын дәрілерді, шет елде шығара бермейді немесе оларды тек дәрігердің берген рецептісімен ғана сатып алуға болады.

Ауа-райы ыстық елдерге баратын болсаңыз, алдын ала егілген жөн. Тропикалық елдерге баратындарға күл ауруына, сіреспеге, полиомелитке қарсы егілген дұрыс. Африка (Сахарадан оңтүстікке қарай) мен Латын Америкасына барар алдында безгекке қарсы міндетті түрде егілу керек. Меккеге баратындарға делбеге қарсы егіліп алған жөн. Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде ұзақ уақыт болатын болсаңыз В гепатитіне қарсы егілген дұрыс. 

Шетелге оқуға, жұмысқа немесе тұру үшін бара жатсаңыз, құжаттарыңызды заңдастырып немесе апостил қойғызып алыңыз. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАЖ мекемелері берген куәліктерге, мүліктік қатынастар мен әлеуметтік қамтамасыз ету құжаттарына қатысты.

Көп елдерде азық-түлік тағамдарын, спирттік ішімдіктерді, темекі өнімдерін алып кіруге шектеулер қойылғанын немесе тыйым салынғанын ескеру қажет. Мысалы, мұсылман елдерге қандай-да болмасын спирттік ішімдіктерді алып кіруге болмайды. 

Шет елде болатын мерзімге сәйкес дәрігерлік сақтандыру полисін алуды ұмытпаңыз. Ол саяхат кезінде жазатайым оқиғадан сақтану мен сақтандыру полисінде көрсетілген аяқ астынан болған дәрігерлік шығындардан сақтануға мүмкіндік береді.

 

ВИЗА АЛУ

Визаларды алу тәртібі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы" бірлескен бұйрығымен белгіленген (қосымша ақпарат...)

 

ЖОЛДА

Ұшақтағы қауіпсіздік талаптарының қатаюы мен жеке заттардың мұқият тексерілетініне байланысты алып жүруге тыйым салынған заттардың тізімін анықтап алыңыз. Қол жүгіңізде тескіш пен кескіш заттарды, қаруға ұқсайтын балалардың ойыншықтары мен басқа заттарды алып жүруге болмайтынын есіңізден шығармаңыз. Америка мен Еуропа елдерінде қол жүгіне қатысты қарапайым шектеулерден басқа жолаушыларды тексергенге дейін өзіңізбен бірге алып барған және сатып алған сұйық, қоймалжың заттарды алып жүруге шектеу бар. Әуежайда кедендік мағұлымдаманы толтыруды ұмытып кетпеңіз. Алайда есіңізде болсын, әр ел алып кіретін ақшаға шектеуді өзі қояды. Сондықтан алып кіретін ақшаның бір бөлігін банктік карточкамен, жол чекімен және басқа құралдармен алып жүрген жөн. Өткізген жүктің талоны жүк жоғалып қалған жағдайда міндетті түрде керек болатындықтан сақтап қою керек. Ұшақтың билетін, паспортты, ақшаны және басқа құнды заттарды өзіңізбен бірге алып жүргеніңіз дұрыс. Шет елде паспорттық тексеру бекетінен өтер кезде паспортпен бірге сапарыңызға байланысты басқа құжаттардың (баратын адамның/ұйымның шақыруы, қонақ үйдегі брон және т.б.) болғаны жөн. Шет елге барғанда кездейсоқ адамдардың жүк салмағым асып кетіп тұр деген сылтаумен тексеру бекеттерінен заттарды өткізіп беру туралы өтінішін орындамаңыз және танымайтын адамдардан беріп жіберетін зат (хат, жіберілім, жүк және т.б.) алмаңыз, олар есірткіні, жарылғыш құралдарды, улаушы заттар мен қауіпті аурулардың қоздырғыштарын заңсыз тасу үшін құпия жасырғыш ретінде қолданылуы мүмкін.

 

ШЕТЕЛДЕ БОЛҒАНДА

  • Шет мемлекетте болған кезде сізге сол елдің заңы жүретін болғандықтан оны міндетті түрде сақтауыңыз керек. Барған елдің заңдарын білмеу сізді жауапкершіліктен босатпайды. Шетелде болғанда жалпы қабылданған этика мен әдепке сәйкес дұрыс жүріп тұрыңыз, жергілікті салт-дәстүрлерді құрметтеу, әсіресе, Азия және Африка елдерінде маңызды. Есіңізде болсын, шет тілінде қарапайым сөздерді білгеннің шет елде жүргенде көмегі болады және жергілікті халық оны ұнатады. Жалпы келесі кеңестерді есте ұстаған абзал: 
  • Қонақ үйге барғаннан кейін онда тұру мен өрттен сақтану ережелеріне көңіл бөліңіз. Қонақ үйдің визиткасын өзіңізбен алып жүргеніңіз дұрыс (қонақ үйлерде әрқашанда картасы бар кітапшаларды алуға болады). 
  • Күтпеген оқиғалар болған жағдайда (жергілікті құқық қорғау органдарының ұстауы, бөтен кісілер тарапынан қорқытулар, жол апаты және т.б.) сол елдегі Қазақстанның консулдық мекемесінің қызметкерімен кездестіруді талап етуге құқыңыз бар. Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінің қызметкерлерінің қатысуынсыз шет тіліндегі қандай-да бір хаттамаға немесе құжатқа қол қоймаңыз. 
  • Шет елге сапар кезінде өзіңізбен бірге паспорттың, визаның және оны алуға негіз болған шақырудың көшірмелерін алып жүрген дұрыс. Қазақстан Республикасының паспорты мен жеке куәлігін жоғалтып немесе ұрлатып алған жағдайда бұл құжаттардың көшірмелері ҚР консулдығынан «Қазақстан Республикасына қайтуға куәлік» алуға көмек болады. Егер сіздің қолыңызда ешқандай құжат немесе олардың көшірмелері болмаса (жоғалтып немесе ұрлатып алған жағдайда), онда сізге аталған Куәлікті алу үшін ҚР консулдығында жеке тұлғаңызды анықтау рәсімінен өту керек болады.
  • Шет мемлекетке оқуға, жұмысқа немесе тұрақты тұру үшін барған Қазақстан азаматтары жақын жердегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдығына барып, консулдық тіркеуге тұруы қажет. Консулдық тіркеуге тұру Қазақстанға бармай-ақ көп мәселені шешуге мүмкіндік береді (сайлау мен референдумға қатысу, паспортты ресімдеу, азаматтық хал актісін жазу және т.б.) және барған мемлекетте соғыс, жаппай тәртіпсіздіктер, табиғи апаттар болған жағдайда сізді басқа жерге көшіру жеңіл болады.
  • Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрып жатқан Қазақстан азаматтары еш дәлелді себептерсіз үш жыл ішінде консулдық тіркеуге тұрмаса Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуы мүмкін екенін естеріңізге саламыз. 

 

ПО ПОРЯДКУ ВЫЕЗДА ОСУЖДЕННЫХ ЛИЦ НА ПОСТОЯННОЕ МЕСТО ЖИТЕЛЬСТВА ЗА ПРЕДЕЛЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

С января 2015 года введены в действие новые нормы Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан, ограничивающие выезд за пределы Республики Казахстан осужденных лиц на период отбытия наказания, в том числе не связанного с ограничением свободы.

Для получения подробной информации по порядку выезда осужденных лиц за пределы Республики Казахстан следует обратиться в Комитет уголовно-исполнительной системы МВД Республики Казахстан.

Дата публикации
02 января 2019
Дата обновления
02 января 2019
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
13 июля 2026
Қазақстан ҰҚК: уақыт сын-қатерлері және ұлттық мүддені қорғау
Бағыттар
14 января 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Кітаптар
05 июня 2025
ЧЕКИСТЕР-ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ (1941-1945ЖЖ.) ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы