
Ұсынылған қаулы жобасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының инфрақұрылымын одан әрі дамыту мақсатында, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне сәйкес құрастырылған.
Қаулы жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) механизмін қолдану аясын кеңейтуге және МЖӘ шарттарын, оның ішінде концессия шарттарын іске асыру мақсатында, қару-жаракты, әскери техниканы және арнайы кұралдарды қоспағанда, әскери мүліктерді уақытша иеленуге және пайдалануға беру мүмкіндігіне бағытталған.
Қаулы жобасын жүзеге асыру республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді қажет етпейді, жоба ҚР ҰҚК тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте қарастырылған қаражат есебінен кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.
Қаулы жобасын қабылдау кезінде ешқандай әулеметтік-экономикалық
және құқықтық салдары болмайды.
Әзірленген жоба Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестендіруге негіздемелер жоқ.
Қаулы жобасы ҰҚК құрылымдық мүдделі бөлімшелерімен келісілді, 2021 жылы 19 қаңтардан бастап қоғамдық талқылауға, ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталының «Әскери тіркеу және қауіпсіздік» бөлімінде орналастырылған.