Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік шекараны қорғау және күзету

Мемлекеттік шекараны қорғау шекаралық кеңістікте Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуден тұрады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде саяси, құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, шекаралық, әскери және өзге де шараларды қолдану жолымен жүзеге асырады.

Мемлекеттік шекараны қорғауға Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдары қатыса алады.

 

Шекаралық кеңістік шегінде Мемлекеттік шекараны қорғау мақсатында мынадай режимдер:

 

1) Мемлекеттік шекара режимі;

2) өткізу пункттеріндегі режим;

3) шекара режимі;

4) аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар режимі;

5) континенттік қайраң режимі енгізіледі.

 

Мемлекеттік шекараны қорғаудың құрамдас бөлігі ретінде Мемлекеттік шекараны күзету уәкілетті органдардың Мемлекеттік шекараның өтуін өзгертуге жол бермеуден, сондай-ақ Мемлекеттік шекара режимін және өткізу пункттеріндегі режимді бұзушылықтардың алғышарттарын, белгілері мен фактілерін анықтау және олардың жолын кесу жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізуден тұрады.

 

 

Құрлықта, аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда (оның ішінде су астындағы ортада) Мемлекеттік шекараны күзетуді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады.

Әуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны күзетуді Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жүзеге асырады.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау үшін осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес уәкілетті органдардың, ұйымдардың және азаматтардың күштері мен құралдарын тартады.

Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі шаралар оның учаскелерін санаттарға бөлу ескеріле отырып қолданылады.

Дата публикации
16 сентября 2019
Дата обновления
16 сентября 2019
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
13 июля 2026
Қазақстан ҰҚК: уақыт сын-қатерлері және ұлттық мүддені қорғау
Бағыттар
14 января 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Кітаптар
05 июня 2025
ЧЕКИСТЕР-ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ (1941-1945ЖЖ.) ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы