Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Меню

Страницы

Статья

Киберқалқан

«Қазақстанның киберқалқаны»

 

Киберқауіпсіздік тұжырымдамасы («Қазақстанның киберқалқаны») (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі «Қазақстан-2050» стратегиясының ұстанымдарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауына сәйкес әзірленді.

Толығырақ

 

Тұжырымдама мемлекеттік органдарды ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру саласындағы ағымдағы жағдайды, «цифрлық» экономиканы дамыту перспективаларын және өнеркәсіптегі өндірістік процестерді технологиялық жаңғыртуды, ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету саласын кеңейтуді бағалауға негізделген.

 

Тұжырымдама электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелер мен телекоммуникация желілерін қорғау, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі бағыттарын айқындайды.

 

Ол мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мониторингтеуге бірыңғай ұстанымды, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының, оның ішінде әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу жағдайларында алдын алу және жедел ден қою тетіктерін әзірлеуді қамтамасыз етуге арналған.

 

Тұжырымдаманы әзірлеу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әзірлеу және пайдалану саласындағы жетекші мемлекеттердің, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына қол жеткізу үшін оларды қолдану аясын кеңейтуге ұмтылатын елдердің ұлттық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қорғау ұстанымдарын қалыптастыру саласындағы халықаралық тәжірибе зерделенді.

 

Осы Тұжырымдаманы орындау қазақстандық қоғамды одан әрі жаңғыртуға қызмет етеді және Қазақстанның БҰҰ жаһандық киберқауіпсіздік бағдарламасын іске асыруға қосқан үлесі болады.

 

Тұжырымдама міндеттері:

 

  1. Қауіп-қатерлер туралы хабардар болуды арттыру, зиянды бағдарламалық-техникалық әсерді және қорғалған телекоммуникациялық жабдықты бұғаттауға және басуға бағытталған бағдарламалық өнімдер мен киберқауіпсіздік жүйелерін құру бойынша отандық АКТ саласының адами капиталын және әлеуетін дамыту үшін қажетті жағдайларды қалыптастыру.
  2. Ақпаратты қорғаудың ұлттық жүйесінде АКТ-ны қауіпсіз пайдалануды және технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің қауіпсіздігін нормативтік-құқықтық және ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді, құқық қолдану практикасын жетілдіру.
  3. Барлық ұлттық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қатысты ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті мемлекеттік басқарудың жоғары бейімделген және интеграцияланған жүйесін құру.
Дата публикации
22 октября 2020
Дата обновления
22 октября 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
13 июля 2026
Қазақстан ҰҚК: уақыт сын-қатерлері және ұлттық мүддені қорғау
Бағыттар
14 января 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Кітаптар
05 июня 2025
ЧЕКИСТЕР-ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ (1941-1945ЖЖ.) ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы