
Барлау қызметі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган болып табылады.
Бұл барлау ақпаратына қол жеткізу, өңдеу және пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекет жүзеге асыратын шараларды іске асыруға жәрдемдесу жолымен Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын жария және жасырын барлау, ұйымдастыру және басқару шараларының жүйесі.
1) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Үкіметін және мемлекеттік органдарын саяси, қаржы-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда шешімдер қабылдау үшін қажетті барлау ақпаратымен және талдамалық бағалаумен қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
3) елдің экономикалық дамуы мен ғылыми-техникалық прогресіне және Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін әскери-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
4) барлау ақпаратына қол жеткізу және шетел мемлекеттерінің арнаулы қызметтері мен ұйымдары, террористік және экстремистік ұйымдар, қылмыстық қоғамдастықтар (қылмыстық ұйымдар), сондай-ақ жекелеген адамдар тарапынан Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігіне нақты және ықтимал нұқсан келтіруге жол бермеуге бағытталған шараларды іске асыру;
5) заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де міндеттер.
Қарсы барлау қызметі
Бұл Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін барлау-нұқсан келтіру қызметінен қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары жүзеге асыратын қарсы барлау және ұйымдастыру іс-шараларының жүйесі.
1) барлау-нұқсан келтіру қызметінен мыналарды:
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, мемлекеттік егемендігін, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін;
Қазақстан Республикасының Президентін және басқа да күзетілетін адамдарды;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерін қорғау;
2) барлау және (немесе) нұқсан келтіру, оның ішінде мыналарға:
терроризм мен экстремизмді жүзеге асыруға;
қылмыстық топтарды құруға және олардың әрекетіне;
қарудың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың, радиоактивті заттардың және ядролық материалдардың заңсыз айналымына;
есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты акциялардың алдын алу, оларды ашу және жолын кесу;
3) мемлекеттік органдарды, мемлекеттік заңды тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін, Қазақстан Республикасының маңызды мемлекеттік мәні бар стратегиялық және өзге де.
4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қатерлердің алдын алуда, оларды бейтараптандыруда және ұлттық мүдделерін ілгерілетуде мемлекеттік органдарға жәрдемдесу.
Қарсы барлау қызметінің міндеттері заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен толықтырылуы мүмкін.