«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасы бұйрығының жобасы
 
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңының 10-бабына,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 234 «Қазақстан Республикасы  Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2011 жылғы 17 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекіту туралы»  №  226  бұйрығының (№ 7052 Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізбесінде тіркелген, 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 114-115(26933-26934) «Казахстанская правда», 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 178-182 (27256) «Егеменді Қазақстанда», 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 195-200 (27274) «Егеменді Қазақстанда» жарияланды) күші жойылды деп есептелсін. 

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрықты заңмен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінде мемлекеттік тіркелуін және мерзімді басылымдарда ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының аппараты бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлерін таныстырсын.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Комитет Төрағасы                                                                                    Н.Әбіқаев

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Дата публикации
09 октября 2019