Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасы арқылы

өткізу пункттерінде жүзеге асырылатын шаруашылық

және өзге де қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы Заңының 55-бабы 14) - тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
  2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  

     Қазақстан Республикасының

           Премьер-Министрі                                                С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Дата публикации
09 октября 2019