«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Жергілікті атқарушы органдар өзге мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп осы қаулы қабылданғаннан кейін үш ай мерзімде қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесіне сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында орналасқан мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін әзірлесін және бекітсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов