«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 21-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған 2026 жылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар салаларында берілген рұқсаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін тексерулер жүргізу кестесі бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының аппараты осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында 2025 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметінің іс-қимылына жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Комитет Төрағасы
ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Е. Сағымбаев