«Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлерiне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерлерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 101-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлерiне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерлерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 29 желтоқсанда № 1727 қаулысына қол қойды.
Аталған Үкімет қаулысымен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін төлеу тәртібі мен шарттары белгіленеді.
Көрсетілген Үкімет қаулысын қабылдау жағымсыз құқықтық, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды.
Қазақстан Республикасы ҰҚК