Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабы 5-тармағын жүзеге асыру мақсатында қабылдануда.
Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының арнаулы (әскери) оқу орындарының тыңдаушыларына олар демалысқа кеткенде азық-түлік сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төлеу нормаларын бекіту мақсатында әзірленген.
Осы бұйрық жобасын қабылдаған жағдайда кері әлеуметтік және экономикалық салдарларға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын қажет етпейді.
Қазақстан Республикасы ҰҚК