Қарсы барлау қызметі туралы

2016 жылғы 28 желтоқсанда Мемлекет Басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің 2016 жылғы 10 маусымда өткен отырысының хаттамасына сәйкес  әзірленген «Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойды.

Заңды қабылдау мақсаты Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін барлау-бүлдіру қызметінен сақтандыру үшін, қарсы барлау қызметінің заңдастырылған базасын қалыптастыру арқылы, қажетті және жеткілікті деңгейдегі ұйымдастырушылық-құқықтық жағдай қалыптастыру болып табылады.

Осы Заң мыналарды қарастырады:

қарсы барлау қызметін іске асыруға байланысты негізгі түсінігі;

қарсы барлау қызметінің міндеттері мен принциптері;

қарсы барлау қызметін жүзеге асырудағы жеке адамдардың құқығы мен бостандығының сақталу кепілдігі;

Қазақстан Республикасы Президентінің қарсы барлау қызметі саласындағы өкілеттігі;

қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың құқықтары мен міндеттері;

қарсы барлау іс-шараларды жүргізудің негізі;

қарсы барлау іс-шараларының тізімі және оларды жүргізудің жалпы жағдайлары;

қарсы барлау қызметін ақпараттық қамтамасыз ету және құжаттау;

қарсы барлау қызметі саласындағы өзара іс-қимыл және халықаралық қытанастар;

қарсы барлау қызметінің нәтижелерін пайдалану, сондай-ақ оларды сақтау мен жою;

қарсы барлау іс-шараларын жүргізу кезіндегі қарсы барлау қызметін іске асыратын органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілерін құқықтық қорғау шаралары;

қарсы барлау қызметін іске асыратын органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жауапкершілігі;

қарсы барлау қызметін іске асыратын органдарға жәрдем беретін жасырын көмекшілердің құқықтық мәртебесі, сондай-ақ құқықтық және әлеуметтік қорғау шаралары;

қарсы барлау қызметіне ведомстволық бақылау;

қарсы барлау қызметін іске асыр кезіндегі прокурорлық қадағалау.

Заңды іске енгізу жағымсыз құқықтық, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерін  барлау-бүлдіру әрекеттерінен қорғауда шараларының тиімділігін сақтауға және арттыруға мүмкіндік береді.

 

Қазақстан Республикасы ҰҚК

Қарсы барлау қызметі туралы
Дата публикации
07 октября 2019