2016 жылғы 28 желтоқсанда Мемлекет Басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің 2016 жылғы 10 маусымда өткен отырысының хаттамасына сәйкес әзірленген «Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойды.
Заңды қабылдау мақсаты Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін барлау-бүлдіру қызметінен сақтандыру үшін, қарсы барлау қызметінің заңдастырылған базасын қалыптастыру арқылы, қажетті және жеткілікті деңгейдегі ұйымдастырушылық-құқықтық жағдай қалыптастыру болып табылады.
Осы Заң мыналарды қарастырады:
қарсы барлау қызметін іске асыруға байланысты негізгі түсінігі;
қарсы барлау қызметінің міндеттері мен принциптері;
қарсы барлау қызметін жүзеге асырудағы жеке адамдардың құқығы мен бостандығының сақталу кепілдігі;
Қазақстан Республикасы Президентінің қарсы барлау қызметі саласындағы өкілеттігі;
қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың құқықтары мен міндеттері;
қарсы барлау іс-шараларды жүргізудің негізі;
қарсы барлау іс-шараларының тізімі және оларды жүргізудің жалпы жағдайлары;
қарсы барлау қызметін ақпараттық қамтамасыз ету және құжаттау;
қарсы барлау қызметі саласындағы өзара іс-қимыл және халықаралық қытанастар;
қарсы барлау қызметінің нәтижелерін пайдалану, сондай-ақ оларды сақтау мен жою;
қарсы барлау іс-шараларын жүргізу кезіндегі қарсы барлау қызметін іске асыратын органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілерін құқықтық қорғау шаралары;
қарсы барлау қызметін іске асыратын органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жауапкершілігі;
қарсы барлау қызметін іске асыратын органдарға жәрдем беретін жасырын көмекшілердің құқықтық мәртебесі, сондай-ақ құқықтық және әлеуметтік қорғау шаралары;
қарсы барлау қызметіне ведомстволық бақылау;
қарсы барлау қызметін іске асыр кезіндегі прокурорлық қадағалау.
Заңды іске енгізу жағымсыз құқықтық, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерін барлау-бүлдіру әрекеттерінен қорғауда шараларының тиімділігін сақтауға және арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы ҰҚК