Мемлекет Басшысы 2019 жылы 13 ақпанда «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толыктырулар еңгізу туралы» № 842 Жарлыкты бекітті (№ 842 Жарлық -әрі қарай), ҰҚК туралы Ережесі 13 тармағының 1) және 20) тармақшаларында көрсетілген ҰҚК құзіреттілігі «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» заңының 13 бабының 1) және 14) тармақшасына сәйкестендірілді.
Сонымен катар, ҰҚК-ға ұлттық қауіпсіздік органдарыньң объектілерін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша функцияларды жүктеуге қатысты ҰҚК Ережесіне № 842 Үкіммен өзгерістер енгізілді.
ҚР ҰҚК Төрағасының 2015 жылғы 21 қыркұйектегі №75 бұйрығымен бекітілген «ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті туралы Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге туралы», ҚР ҰҚК Терағасының бұйрығының жобасы жаңадан еңгізілген және өзгерген құқықтық актілерге сәйкестендіру мақсатында дайындалған.
Бұйрық жобасының қабылдануы әлеумметтік және экономикалық теріс әсерін тигізбейді, сонымен қатар, мемлекет бюджетінен қосымша қаржылық шығындарды қажет етпейді.