Мемлекет Басшысы 2019 жылы 13 ақпанда «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» бекітілген №842 Жарлығында (№842 Жарлық – әрі қарай), ҰҚК туралы Ережесі 13 тармағының 1) және 20) тармақшаларында көрсетілген ҰҚК құзіреттілігі «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» ҚР Заңының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы 13-бабының 1) және 14) тармақшаларына сәйкестендірілді.
Сонымен қатар №842 Жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ережесіне ұлттық қауіпсіздік органдары нысандарының ақпараттық қауіпсіздігің қамтамасыз ету бойынша функцияларды Ұлттық Қауіпсіздік Комитетіне жүктеу туралы толықтыру енгізілді.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 06 қазандағы №80 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасы бұйрығының жобасы жаңадан енгізілген және өзгерген құқықтық актілерге сәйкестендіру мақсатында дайындалған.
Бұйрық жобасының қабылдануы әлеуметтік және экономикалық жағынан теріс әсерін тигізбейді, сонымен қатар мемлекет бюджетінен қосымша қаржылық шығындарды қажет етпейді.