Мемлекет Басшысы 2019 жылы 13 ақпанда «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» №842 Жарлықты бекітті (№842 Жарлық –әрі қарай), ҰҚК туралы Ережесі 13 тармағының 1) және 20) тармақшаларында көрсетілген ҰҚК құзыреттілігі «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» заңының 13 бабының 1) және 14) тармақшасына сәйкестендірілді.
Сонымен қатар, ҰҚК ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілерін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша функцияларды жүктеуге қатысты ҰҚК Ережесіне № 842 Жарлығымен өзгерістер енгізілді.
ҚР ҰҚК Төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы №79 бұйрығымен бекітілген «ҚР ҰҚК Қарағанды облысы бойынша Департаменті туралы Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы», ҚР ҰҚК Төрағасының бұйрығының жобасы жаңадан еңгізілген және өзгерген құқықтық актілерге сәйкестендіру мақсатында дайындалған.
Бұйрық жобасының қабылдануы әлеумметтік және экономикалық теріс әсерін тигізбейді, сонымен қатар, мемлекет бюджетінен қосымша қаржылық шығындарды қажет етпейді.