Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының «Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығының жобасы әзірленді.

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 8-тармағына сәйкес Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің «e-gov» интернет-порталына (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5126567) көпшілік талқылауы үшін орналастырылды.

Дата публикации
21 октября 2020