«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағартушылық мүлікпен, баспаханалардың полиграфиялық жабдықтары жиынтықтарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 маусымдағы № 47 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңының 26-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 282 Жарлығына сәйкес әзірленген.
Жобаның мақсаты - шекара қызметін реформалауға байланысты түзетулер енгізу, сондай-ақ Шекара қызметі бөлімшелерін және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясын техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағартушылық мүлікпен, баспаханалардың полиграфиялық жабдықтары жиынтықтарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Жобаны қабылдау теріс құқықтық салдарға әкеліп соқтырмайды, республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді қажет етпейді, жоба кезең-кезеңімен тиісті кезеңге Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджетінде көзделген қаражат есебінен және соның көлемінде жүзеге асырылады.
Егер жоба қабылданса, қолданыстағы нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді сәйкестендіру талап етілмейді.
Жоба 2020 жылы 19 қазаннан бастап қоғамдық талқылауға, ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталының «Әскери тіркеу және қауіпсіздік» бөлімінде орналастырылған.