Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1301 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз-релизі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес жүргізілген құқықтық мониторинг негізінде, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес келтіру мақсатында, «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағына және «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 1-тармағына сәйкес келтіру мақсатында, «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы  Заңының 77 бабы мен 80-бабына сәйкес  «Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда берілетін біржолғы өтемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы
№ 1301 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі - жоба) әзірледі.

Осы жобаны іске асыру Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын ұстау үшін республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады.

Аталған жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық (және құқықтық) салдарларға әкеп соқтырмайды.

Дата публикации
20 октября 2020