Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына, оның ішінде «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығына сәйкес келтіру мақсатында, сондай-ақ конкурстық негізде ұлттық қауіпсіздік органдарының оқу орындарына қабылдау туралы іс-шараларды өткізу аясында көп салалы тәсілдерге қол жеткізу үшін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілердің контингентін кеңейту қажеттілігіне байланысты «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасы бұйрығының жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірледі.
Жобаны іске асыру Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаржылардың есебінен және шегінде жүзеге асырылады, қосымша қаржы қаражаттарын бөлу қажет емес.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Жоба Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында (www.knb.gov.kz) және «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 23 сәуірде орналастырылған (сілтеме:...).
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті