Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы

 

 ««Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 43 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасы бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 548,
2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 913 қаулыларына және ««Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 2 мамырдағы № 28/қе бұйрығына сәйкес келтіру мақсатында әзірленген.

Бұйрық жобасымен мемлекеттік қызметтерді қағаз нысанында көрсетуді алып тастау және толықтай электрондық форматқа ауысу бөлігінде мемлекеттік қызметтердің регламенттеріне өзгерістер енгізілді, оған қоса мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестері қысқартылды.

Осымен қатар, бұйрық жобасында «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсат беру» жаңа мемлекеттік қызметтің регламенті осы қызметтің кіші түрін лицензияланатын қызмет түрінен екінші санатта жүзеге асырылуы үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызметіне ауыстыруға байланысты әзірленген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы
Дата публикации
04 октября 2019