Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 174 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 174 Жарлығы
 
 

Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің 2016 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 174 Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс          

Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің 2016 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар:
1) өз қызметінде Тұжырымдаманы басшылыққа алсын және оны іске асыру жөнінде уақтылы шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының
  Президенті                                                                       Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 қарашадағы
Дата публикации
03 октября 2019