Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы «20»желтоқсандағы № 91 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы «20»желтоқсандағы № 91 бұйрығы
 
 

«Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы 8-бабының 1-1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы техникалық әзірлемелер орталығы» Республикалық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау үшін жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        Қазақстан Республикасы

   Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

                   Төрағасы                                                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы
Дата публикации
02 октября 2019