Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 20 наурыз №15 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 20 наурыз №15 бұйрығы
 
 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрагасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 590 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8211 тіркелген, 2013 жылғы 23 қаңтарда «Егемен Қазақстан» № 43-47 (27986) газетінде жарияланған:

аталған бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:

4-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жалпы орта білім туралы аттестаттың көшірмесі қосымшасымен немесе техникалық және кәсіби білімі туралы дипломның көшірмесі қосымшасымен не болмаса орта білімнен кейінгі білімі туралы дипломның көшірмесі қосымшасымен;»;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 20 наурыз
Дата публикации
01 октября 2019