ПРЕСС-РЕЛИЗ
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының
Үкіметі арасындағы Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының
режимі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкімет қаулысының жобасына
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Ұсынылған жоба Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Қазақстан-Өзбекистан мемлекеттік шекарасында өзара құқықтық негізді орнату және қатынастарды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Жобаны іске асыру республикалық бюджет есебінен қосымша қаражат талап етпейді.
Жоба қабылданған жағдайда қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерді сәйкестендіру талап етілмейді.
Бұйрықты қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Жоба ҰҚК мүдделі бөлімшелерімен келісілді.
Ашық НҚА интернет-порталында "Әскери есеп алу және қауіпсіздік" бөлімінде, 2024 жылғы 30 қыркүйектен бастап жария талқылауда орналастырылған.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы
2024 жылғы 8 тамызда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов