"1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне арналған бірыңғай мерекелік медаль туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

"1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне арналған бірыңғай мерекелік медаль туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
 
 орден

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне арналған бірыңғай мерекелік медаль туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне арналған бірыңғай мерекелік медаль туралы

1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне, қаһармандығы мен қайсарлығына терең құрмет көрсете отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған «1941 - 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен наградтау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Қағидаларға сәйкес «1941 - 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен өзге де адамдар наградталсын.
3. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

"1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне арналған бірыңғай мерекелік медаль туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
Дата публикации
27 сентября 2019