Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV Кодексі.
Ескерту: "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 298-IV Заңын қараңыз.
2013 жылғы 1 қаңтарға дейін 251-бабының 1-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, Кодекстiң бүкіл мәтіні бойынша ҚР 2010.06.30 № 298-IV Заңына сәйкес "сәйкестендіру нөмірі", "сәйкестендіру нөмірлері", "сәйкестендіру нөмірін", "сәйкестендіру нөмірінің" деген сөздер тиісінше "тіркеу нөмірі", "тіркеу нөмірлері", "тіркеу нөмірін", "тіркеу нөмірінің" деген сөздерге сәйкес деп есептелсін.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "Кеден одағының комиссиясы", "Кеден одағы комиссиясының" және "Кеден одағының комиссиясына" деген сөздерді тиісінше "Комиссия", "Комиссияның" және "Комиссияға" деген сөздермен ауыстыру көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "кеден одағының", "кеден одағына", "кеден одағы" деген сөздер тиісінше "Кеден одағының", "Кеден одағына", "Кеден одағы" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 04.07.2013 № 130-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ақпараттық технологиялар", "ақпараттық технологияларды", "ақпараттық технологиялармен" деген сөздер тиісінше "ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "ақпараттық-коммуникациялық технологияларды", "ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Осы Кодекс Қазақстан Республикасындағы кеден ісінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қорғауға, Қазақстан экономикасының дүниежүзілік экономикалық қатынастар жүйесіндегі байланыстарын жандандыруға және сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға бағытталған.