«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының міндетін атқарушының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 68 қе бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының міндетін атқарушының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 68 қе бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 қыркүйекте № 15796 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында:

3-тармақта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полициясы органдарында (бұдан әрі – ҰҚК әскери қарсы барлау және әскери полициясы органдары) – Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесін қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – «ҰҚК» РММ ҚД) жүзеге асырады.»;

5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«ҰҚО қызметкерлері (курсанттары мен тыңдаушылары) қызметтік іссапарда және/немесе далалық даярлықта, оқу-жаттығуларда (бір тәуліктен артық) болған кезде, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметінің, Авиация қызметінің және Шекара академиясының бөлімшелеріне және/немесе керісінше уақытша орын ауыстырған кезде оларды тамақпен қамтамасыз ету олар болатын ҰҚО бөлімшесінің қаражаты есебінен, осы бөлімшелердің қамтамасыз ету нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;

44-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қамтамасыз ету нормалары бойынша ыстық тағам тәулігіне үш рет дайындалады және беріледі (таңертеңгі ас, түскі ас, кешкі ас). Тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде қосымша азық-түлік алатын әскери қызметшілер үшін төрт реттік тамақтану ұйымдастырылады.»;

44-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Үш реттік тамақтандыру кезінде жалпыәскери азық үлесі нормасы энергетикалық құндылықтар (жұғымдылық) бойынша келесідей бөлінеді: таңғы ас – 30-35 пайыз, түскі ас – 40-45 пайыз, кешкі ас – 20-30 пайыз. Ыстық климат жағдайында (жазғы уақытта) түскі астың жұғымдылығы мен көлемін жалпы тәуліктік жұғымдылығынан 10-15 пайызға азайту, тиісінше таңғы ас пен кешкі астың жұғымдылығы мен көлемін арттыру ұсынылады.»;

89-тармақта:

5) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Заңды және жеке тұлғалардың қатысуымен әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде «ҰҚК» РММ ҚД лауазымды адамдары мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:»;

6) тармақшаның үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Азық-түлікті тарату мәзірі қамтамасыз етудің әр заттай нормасы бойынша тамақтандырылатын адам санына қарамастан жасалады және оны «ҰҚК» РММ ҚД бастығы не оны алмастыратын адам үш данада бекітеді. Бір данасы республикалық мемлекеттік мекеменің бухгалтериясында, екінші және үшінші данасы тамақтану және пісіру залдарына орналастырылады. Бекітілген азық-түлікті тарату мәзіріне өзгерістер «ҰҚК» РММ ҚД бастығының не оны алмастыратын адамның жазбаша рұқсатымен енгізіледі;»;

92-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«ҰҚК әскери қарсы барлау және әскери полициясы органдары әр айдың 3-ші күнінен кешіктірмей «ҰҚК» РММ ҚД-ға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес бөлімше бастығы немесе оны алмастыратын адам бекіткен әскери қызметшілерді тамақтандыру туралы есепті жолдайды.»;

172-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«172. Белгіленген Қамтамасыз ету нормалары бойынша тамақтандыру ұйымдастырылмаған ведомстволық бағынысты ұйымдарда және оқшауланған құрылымдық бөлімшелерде әскери қорлар жеке тамақтану рационымен толықтырылады.».

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
    он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

             Қазақстан Республикасы
         Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
                            Төрағасы

ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты                           Е. Сағымбаев

Проект Приказа Каз
Дата публикации
14 августа 2024