Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының «Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары және (немесе) байланыс желілерінің иелері жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын және байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды техникалық жүргізу үшін өздерінің немесе тартылған қаражаттары есебінен өздерінің телекоммуникациялық жабдықтарының функцияларын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына баспасөз релизі

Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік бақылау және статистика, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, деректерді басқару, заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттерді алып тастау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 5 шілдедегі Заңымен енгізілген Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңының 15-бабының 1 тармағы 4) тармақшасының талаптарының өзгертілуіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының «Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары және (немесе) байланыс желілерінің иелері жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын және байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды техникалық жүргізу үшін өздерінің немесе тартылған қаражаттары есебінен өздерінің телекоммуникациялық жабдықтарының функцияларын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасы (бұдан әрі  жоба) әзірленді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Жоба Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында (www.knb.gov.kz) және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15120636)
2024 жылғы 10 шілдеден бастап орналастырылған.

Пресс-релиз Рус
Дата публикации
25 июля 2024