Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 Заңы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 Заңы
 

 

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 Заңы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 157-құжат

МАЗМҰНЫ

Ескерту. Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134 Заңымен енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне кiредi.

Осы Заң Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары мәртебесiн, өкiлеттiктерiн және қызметiнiң ұйымдастырылуын айқындайды. Ескерту. Тақырып пен кіріспе өзгерді, бүкiл мәтiн бойынша "Жарлық", "Жарлыққа", "Жарлықта", "Жарлықтың, "Жарлықтан" деген сөздер тиiсiнше Заң", "Заңға, "Заңда", "Заңның", "Заңнан" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2002.03.21. N 309 Заңымен, Мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - V" деген цифрлар тиiсiнше 1 - 5" деген цифрлармен ауыстырылды - 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

1 Тарау Жалпы ережелер

1-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мақсаты

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары (бұдан әрi - ұлттық қауiпсiздiк органдары) - Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын және өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттiк егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн арнаулы мемлекеттiк органдар.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 Заңы
Дата публикации
25 сентября 2019