ПРЕСС-РЕЛИЗ «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкімет қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Ұсынылған жоба Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Қазақстан-Өзбекистан мемлекеттік шекарасында өзара құқықтық негізді орнату және қатынастарды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының 2024 жылға арналған халықаралық шарттарды жасасудың ағымдағы жоспарының 71-тармағына сәйкес әзірленді.

Жобаны іске асыру республикалық бюджет есебінен қосымша қаражат талап етпейді.

Жоба қабылданған жағдайда қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерді сәйкестендіру талап етілмейді.

Бұйрықты қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Жоба ҰҚК мүдделі бөлімшелерімен келісілді.

Ашық НҚА интернет-порталында "Әскери есеп алу және қауіпсіздік" бөлімінде, 2024 жылғы 10 шілдесінен бастап жария талқылауда орналастырылған.

Дата публикации
15 июля 2024