Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету қағидаларын және байланыс желілері мен құралдарына қойылатын Талаптарды бекіту туралы.

 «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған бекітілсін:

1) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функциларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету;

2) Байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптар.

  1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік Комитеті Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметіне заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, Қағидалардың 3 тарауы 2025 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

               Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы                                Е. Сағымбаев

Приказ Каз
Дата публикации
11 июля 2024