Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереже 15-тармағының 127) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 734 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, қайтыс болған зейнеткерді жерлеуге бipжолғы төлем және отбасына жәрдемақы тағайындау туралы нұсқаулық осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылардың мәртебесін растайтын зейнеткерлік куәлік нысанының сипаттамасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Е. Сағымбаев
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы
« __ » ______ № ___ бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, қайтыс болған зейнеткерді жерлеуге бipжолғы төлем және отбасына жәрдемақы тағайындау туралы нұсқаулық
1-тарау. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау
Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметiнде қызметін өткерген адамдардан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға қажетті құжаттарды қабылдауды, сондай-ақ олардың Әлеуметтік Кодекс пен Қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындауды ҰҚК Сыртқы барлау қызметiнің кадр бөлімшесі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери қызметшілері қатарындағы және бұрын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде зейнетақы төлемдері тағайындалған адамдарға (бұдан әрі – ТТЖ-ға келген адамдар) зейнетақы төлемдерін тағайындауға қажетті құжаттарды қабылдауды тұратын жеріндегі тұрақты тіркеу бойынша ҰҚК аумақтық органдарының кадр бөлімшелері (бұдан әрі – ҰҚКД кадр бөлімшелері) жүзеге асырады.
Зейнеткерлік істерді жүргізуді және сақтауды, зейнеткерлермен және қайтыс болған зейнеткерді жерлеуді жүзеге асырған адамдармен өзара іс-қимыл жасауды аталған адамдардың тұратын жеріндегі тұрақты тіркеу бойынша ҰҚКД кадр бөлімшелері жүзеге асырады.
ҰҚО кадр бөлімшелер қабылдайтын құжаттар топтамасының Әлеуметтік Кодекс пен Қағидалардың талаптарына сәйкестігін, толықтығын тексереді және құжаттар көшірмелерінің түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 733 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларына, осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есебі, ол екі данада жасалып, біреуі өтініш берушінің жеке ісіне тігіледі;
2) өтініш берушіні қызметтен шығару және жеке құрам тізімінен шығару туралы бұйрықтардан үзінді;
3) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҰҚК Төрағасының 2022 жылғы 28 қазандағы № 76/ҚБП бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30405 болып тіркелген) ауруы туралы куәлігі (денсаулық жағдайы бойынша шығу кезінде);
4) соңғы қызмет орны бойынша ҰҚК мемлекеттік мекемесінің қаржы бөлімшесі кадр бөлімшесіне ұсынған ақшалай аттестаты;
Құжаттардың көшірмелерін ұсынылған түпнұсқаларымен салыстырғаннан кейін ҰҚО кадр бөлімшесінің лауазымды адамы куәландырады.
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлiгi, азаматтығы жоқ адамның куәлiгi, шетелдiктiң тұруға ықтиярхаты) (жеке басын сәйкестендіру үшін;
3) тұрақты тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
4) зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шотының нөмірі туралы мәлімет;
5) мөлшері 3 х 4 см көлеміндегі фотосурет (2 дана).
ҰҚКД кадр бөлімшелері зейнеткердің бұрынғы тұрғылықты жерінің зейнетақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органынан зейнетақы ісін талап ету туралы құжаттары қоса берілген зейнеткердің өтінішін ҰҚК КД-ға жолдайды.
1) осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындау (қайта тағайындау) туралы қорытынды жасайды;
2) зейнеткерлік істі қалыптастырады;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қатарынан зейнетақы төлемдерді алушыларға (бұдан әрі – зейнеткерлік куәлік) зейнеткерлік куәлігін дайындайды, ол зейнеткерлік істер мен куәліктерді тіркеу журналында есепке алынады.
Зейнеткерлік куәлікке зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерін бағыттайтын ҰҚК КД бастығының орынбасары қол қояды.
1) зейнеткерлік куәлікті ауыстыру себептерін түсіндіре отырып, еркін нысандағы өтініш;
2) зейнетақы төлемдерін алушының жеке куәлігінің көшірмесі;
3) бұқаралық ақпарат құралдарында жоғалған зейнеткерлік куәліктің жарамсыздығы туралы хабарландыруды жариялағаны туралы өтініш (жоғалған жағдайда);
4) зейнеткерлік куәліктің көшірмесі (бүлінген жағдайда);
5) зейнетақы төлемдерін алушының тегі, аты немесе әкесінің аты өзгергенін растайтын құжат (тегі, аты немесе әкесінің аты өзгерген жағдайда);
6) мөлшері 3х4 см екі дана түрлі түсті (ақ түсті фондағы) фотосурет.
ҰҚКД кадр бөлімшесі зейнетақы төлемдерін алушыға зейнеткерлік куәлікті бес жұмыс күні ішінде береді, бүлінген зейнеткерлік куәлікті (болған кезде) кейін жою үшін алып қалады.
Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері жоғарылаған жағдайда ҰҚКД кадр бөлімшесі Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы төлемдерін алушының зейнеткерлік ісінен үзінділер жасайды және Мемлекеттік корпорацияның филиалына ұсынады.
Қазақстан Республикасының шегінде тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуін ауыстырған жағдайда өтінішке жаңа тұрақты тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат қоса беріледі.
ҰҚКД кадр бөлімшесі өтінішті алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияның филиалдарына еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушының жаңа деректемелері бар үзіндіні жібереді, ал Қазақстан Республикасының шегінде тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелуін ауыстырған жағдайларда Қазақстанның басқа өңіріне тұрақты тұруға кеткен кезде Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнеткерлік төлемдерді тоқтатуға (тоқтата тұруға) хабарлама жолдайды. Зейнеткердің жаңа тұрақты тұратын жері бойынша ҰҚКД кадр бөлімшесіне зейнеткердің зейнеткерлік ісін жолдайды.
ҰҚКД кадр бөлімшесі зейнеткерден құжаттарды алғаннан кейін және Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетуіне байланысты төлемдерді тоқтатуға арналған хабарламасын бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияның филиалдарына жолдайды.
ҰҚК КД басқа елдердің уәкілетті органдарының сұрауы бойынша зейнеткерлік істің ішіндегі қажетті құжаттардың көшірмелерін жасайды, олардың түпнұсқаға сәйкестігін куәландырады және оларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жөнелтуге ресімдейді.
2-тарау. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қайтыс болған зейнеткерді жерлеуге бipжолғы төлем және отбасына жәрдемақы тағайындау
Қайтыс болған зейнеткерлерді жерлеуге құжаттарды қабылдауды және біржолғы төлемдерді тағайындауды ҰҚКД кадр бөлімшелер жүзеге асырады.
ҰҚКД кадр бөлімшесінде Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген, қабылданған құжаттардың толықтығы мен көшірмелердің нақтылығы тексеріледі және бес жұмыс күнінің ішінде қайтыс болған зейнеткердің ісімен бірге ҰҚК КД-ға жолданады.
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, қайтыс болған зейнеткерді жерлеуге біржолғы төлем және отбасына жәрдемақы тағайындау туралы нұсқаулыққа 1-қосымша
Нысан
Зейнеткерлікке еңбек сіңірген жылдарының
ЕСЕБІ ________________________________________________________________________________
(атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.), жеке нөмірі, лауазымы)
________________________________________________________________________________
(мекеменің атауы)
___ жылғы «___» _______ туылды
Соңғы атағы ___ жылғы «___» _______ берілді.
Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін есептелетін (күнтізбелік және жеңілдікпен есептеу) қызметі (жұмысы):
|
Атқаратын лауазымы, орган, бөлім, кәсіпорын, мекеме, ұйым |
Күні, айы, жылы |
Қызмет атқарған жылы, айы, күні |
Қызметін (жұмысын) растайтын бұйрықтар мен басқа да құжаттардың нөмірлері мен күндері және қызметті жеңілдікпен есептеу үшін негіздеме |
|||
|
қай уақыттан бастап |
қай уақытқа дейін |
күнтізбелік |
коэффициенті |
Жеңілдік |
||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
Еңбек өтілі |
||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
БАРЛЫҒЫ еңбек өтілі: |
|
|||||
|
Еңбек сіңірген жылдары |
||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1998 жылғы 1 қаңтарға еңбек сіңірген жылдары: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
БАРЛЫҒЫ еңбек сіңірген жылдары: |
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды: |
|
|
|
|
|
|
Зейнетақы тағайындау үшін «__» _______ ____ жылға жалпы еңбек өтілі ____(сөзбен) жыл ____(сөзбен) ай ____(сөзбен) күннен (жеңілдікпен бірге) тұрады.
Еңбек сіңірген жылдардың есебімен зейнеткерлікке келісемін_______________________
(қызметтен шығарылған адамның қолы )
___________________________________
(кадрлар аппараты басшысының лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (бар болса) қолы)
М.О. _____ жылғы «____» __________
___________________________________________ Қазақстан Республикасы Заңының
(aтауы)
___бабы ___тармағының ___ тармақшасына сәйкес (_______________________байланысты) (себебі)
__________________________ ______ жылғы «___» __________ № ______ бұйрығымен (кімнің бұйрығы)
_______жылғы «___» ________ бастап жеке құрам тізімінен шығарылды.
Жеке құрам тізімінен шығарылған күніне дейін еңбек сіңірген жылдары ________ (сөзбен) жыл, _______ (сөзбен) ай, __________ (сөзбен) күнді (жеңілдікпен бірге) құрайды.
1.______________________________________________________________________________2.______________________________________________________________________________ ...._____________________________________________________________________________________________ (отбасы құрамына қатысы, Т.А.Ә. (бар болса), туылған жылы)
Есепті құрастырған_______________________________________________________________
(лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (бар болса), қолы)
Ескертпе: құпиялылық және шектеу белгілері құпиялауға жататын мәліметтердің ведомстволық тізбесі мен таралуы шектеулі мәліметтердің тізбесіне сәйкес оның мазмұнын негізге ала отырып беріледі.
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, қайтыс болған зейнеткерді жерлеуге біржолғы төлем және отбасына жәрдемақы тағайындау туралы нұсқаулыққа 2-қосымша
Нысан
БЕКІТЕМІН
________________________________________
(қорытындыны бекітуге уәкілетті ҰҚК лауазымды адамының лауазымы)
_____________ _________ ____________________
(атағы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты) (бар болса)
____ жылғы «____» __________
(қорытындыны бекіткен күн)
Еңбек сіңірген жылдар үшін зейнетақы тағайындау (қайта тағайындау) туралы
ҚОРЫТЫНДЫ
а) лауазымдық жалақысы _________________ теңге
б) арнаулы (әскери) атағы бойынша жалақы _________________ теңге
Барлығы _________________ теңге
(күн)
қызметтен шыққан күнге дейінгі еңбек сіңірген жылдары (жалпы өтілі) үшін ________жыл ____% мөлшерде
Қорытындыны жасаған: ______________________ ________________ _________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.) (бар болса)
_______ жылғы « » ____________
Қорытындыны тексерген: ______________________ _______________ __________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.) (бар болса)
Зейнеткерлік куәліктің № ________
Зейнеткердің мекенжайы:
Мемлекеттік корпорация филиалына зейнеткерлік істен үзіндісін жіберу туралы белгі
|
№ |
Зейнеткерлік істен үзінді жіберілген күн |
Зейнетақы төлемдерін төлеу мерзімі |
Бір айдағы зейнетақы төлемінің мөлшері |
Лауазымды адамның қолы |
Зейнетақы төлемдеріне берілетін үстемеақының сомасы |
|
|
|
бастап дейін |
|
|
|
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, қайтыс болған зейнеткерді жерлеуге біржолғы төлем және отбасына жәрдемақы тағайындау туралы нұсқаулыққа 3-қосымша
Нысан
Зейнеткерлік істері мен куәліктерді тіркеу журналы
|
Зейнеткерлік істің нөмірі |
Зейнеткерлік куәліктің нөмірі |
Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) |
Атағы |
Соңғы қызмет орны мен лауазымы |
Зейнетақы төлемдерін тағайындаған күні |
Тұрақты тіркеу тұрғылықты мекенжайы |
Зейнеткерлік куәліктіктің берілген белгісі |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, қайтыс болған зейнеткерді жерлеуге біржолғы төлем және отбасына жәрдемақы тағайындау туралы нұсқаулыққа 4-қосымша
БЕКІТЕМІН
________________________________________
(қорытындыны бекітуге уәкілетті ҰҚК лауазымды адамының лауазымы)
_____________ _________ ____________________
(атағы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты) (бар болса)
____ жылғы «____» __________
(қорытындыны бекіткен күн)
Нысан
Қайтыс болғанына байланысты бір жолғы жәрдемақы тағайындау туралы ҚОРЫТЫНДЫ
_______________________________________________________________________________
Қайтыс болғанның асырауында болған келесі отбасы мүшелеріне бір жолғы жәрдемақы тиесілі:
|
Туыстық қатынасы |
Т.А.Ә. (бар болса) |
Туылған күні |
Неке, туу туралы куәліктердің және басқа да құжаттардың № мен күндері |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
|
|
|
|
Қайтыс болғанның отбасы мүшелеріне __________________________________ сомадағы
(сома сандармен және жазбаша)
біржолғы жәрдемақы төлену тиіс.
Қорытындыны жасаған:______________________________________ ____________________
(лауазымы, атағы, Т.А.Ә.) (бар болса) (қолы)
____ жылғы «____» ___________
Қорытындыны тексерген: ____________________________________ ____________________
(лауазымы, атағы, Т.А.Ә.) (бар болса) (қолы)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2024 жылғы « __ » ______ № ___
бұйрығына 2-қосымша
Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушының мәртебесін растайтын зейнеткерлік куәлік нысанының сипаттамасы
Төменгі жағында ортаға: қол қоюға арналған орнымен «Департамент бастығының орынбасары, (қолы)» деген жазу жазылады.